
Ағымдағы жылдың 2 қараша күні Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының акт залында Басқарманың барлық мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының бас маманы - Дулатбек Алмазұлы Молдагалиевпен және Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі –Айман Рафикқызы Хайруллинаның қатысуымен кездесу өткізілді. Шара барысында «Әдеп және парасаттылық» тақырыбында қызметшілермен әлеуметтік саулнама өткізіліп, мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындардан алшақ болу, Instagram, Facebook, WhatsApp пен Telegram әлеуметтік желілердегі мемлекеттік қызметшілердің билік өкілдерінің беделін түсіретін комментарияларға пікір білдірмеу туралы ескертілді. Сонымен қатар, бала күтімінде отырған мемлекеттік қызметшілердің кәсіпкерлікпен айналысатын фактілері жие кездесетіндігі туралы айтылды.