25 қазан ұлттық мереке – Республика күні

25 қазан ұлттық мереке – Республика күні

25 қазан Республика күніне орай шын жүректен шыққан ыстық ықыласымды қабыл алыңыз.
Бұл күн – ата - бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін.
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер тілеймін.

Құттықтаймын қазағым,
Республика күнімен.
Бар ғаламға танылсын,
Әнұраным үнімен.

Азаттықтың көк туы,
Желбіресін көгімде.
Бар жақсылық орналсын,
Егемендік елімде.

Құрметпен, Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының басшысы Т.Каюпов