23 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметші күні

23 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметші күні

       

«23 маусым- Мемлекеттік қызметші күні» Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасында да аталып өтті. Жиында басқарма басшысы Н.Есенгалиев барлық мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ.Есқалиевтың атынан және Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің төрағасы М.Байсаловтың атынан бірқатар мемлекеттік қызметшілерге  алғыс хаттар  табыстады.