Мемлекеттік қызмет саласында ұзақ жыл еңбек еткен тәжірибелі мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдар қызметкерлерімен кездесуі.

Мемлекеттік қызмет саласында ұзақ жыл еңбек еткен тәжірибелі мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдар қызметкерлерімен кездесуі.

2022 жылдың 8 маусым күні «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тобының жоспарына сәйкес №4 үлгілік базалық бағыт аясында мемлекеттік қызмет саласында ұзақ жыл еңбек еткен тәжірибелі мемлекеттік қызметшілердің жергілікті мемлекеттік органдар қызметкерлерімен кездесуі өтті. Кездесудің  спикері - мәдениет саласының ардагері Айдар Тапашұлы Батырханов шақырылды.

Кездесу барысында  Айдар Тапашұлы өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жас мемлекеттік қызметшілердің тәрбие мәселесі бойынша тақырыбын ширатты, толғандырған сұрақтарға жауап бере отырып, мемлекеттік қызметшілерге маңызды да жауапты қызметтерінде сәттілік тіледі.