Конституциялық реформаларды талқылау бойынша кездесу

Конституциялық реформаларды талқылау бойынша кездесу

          5 маусымда Қазақстанда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өтеді.

          Республикалық референдум – Конституцияның, конституциялық заңдардың, заңдардың және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк өмiрiнiң өзге де маңызды мәселелерi бойынша шешiмдердiң жобалары бойынша жалпыхалықтық дауыс беру.

         2 маусым күні қаржы басқармасының мәжіліс залында облыстық мәслихаттың хатшысы Бибігүл Тишанқызы Қонысбаева және қалалық мәслихат депутаты Аида Маратқызы Маратованың қаржы басқармасы қызметкерлерімен кездесуі өтті, осы отырыста республикалық референдум өткізу туралы принциптері түсіндіріліп, жоспарланып отырған конституциялық реформалар талқыланды.