9 мамыр - Жеңіс күні!

9 мамыр - Жеңіс күні!

9 мамыр қарсаңында  Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасының қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері Нина Владимировна Кочеткованы Ұлы жеңістің 77 жылымен құттықтап барды.

Өз әңгімесінен, Нина Владимировна Волжский әскери округынан 1942 жылы майданға  аттанған, туған әкесі, ағасымен бір полкте шайқасқан. Оның майдандағы ерлігі мен бейбіт күндегі еңбегі үшін «Отан соғысы», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, «Сталининградты қорғағаны үшін» және бірнеше мерекелік медальдармен бағаланған. Соғыстан кейін көп жылдар бойы «Зенит» заводында экономист лауазымына еңбек еткен. Жолдасы екеуі бір ұл, бір қыз өсірген.