Орналастырылған мәліметтерге облыстық коммуналдық меншіктің бар артық және пайдаланылмайтын объектілері туралы толықтыру

Орналастырылған мәліметтерге облыстық коммуналдық меншіктің бар артық және пайдаланылмайтын объектілері туралы толықтыру

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының Қазақстан Республикасында қоғаммен кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдайлар жасауға қатысты тапсырмасы бойынша Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы хабарлайды.

Мемлекеттік мүлікті есепке алудың автоматтандырылған бірыңғай ақпараттық жүйесі болып табылатын Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында www.gosreestr.kz мекен жайы бойынша орналастырылған облыстық коммуналдық меншіктегі артық және пайдаланылмайтын объектілері туралы ақпаратқа қосымша ұқсас ақпарат тұрақты негізде «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ-нің ресми сайтында мына мекен жайлар бойынша https://www.gov.kz және https://www.facebook.com/uraloblfu.kz. орналастырылатынын хабарлайды.

Сондай-ақ, объектілер туралы ақпарат кәсіпкерлік субъектілеріне мәлімет үшін Батыс Қазақстан облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына жолданды және бұдан әрі тұрақты негізде жолданатын болады.

Осыған байланысты, объектілерді пайдалануға қызығушылық болған жағдайда Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында көрсетілген байланыстар бойынша, сондай-ақ «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ-не БҚО, Орал қаласы, Ж.Досмұхамедов көшесі, 45 үй, тел. 8711240218, 507505 мекенжайы бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.