
2022 жылғы 18 Наурызда басқарманың акт залында Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас мамандары С.В. Искалиевпен, Д. А. Молдағалиевпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің жаңа Әдеп кодексі талқыланып, тәртіптік комиссияның 2021 жылғы жұмысы туралы айтылды.