
Биылғы мерейтойлық жылы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығында қаржыгерлер елеулі датаны - Қазақстанның қаржы жүйесінің 100 жылдығын атап өтуде.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997-ші жылғы 13 қарашадағы №3753 Жарлығымен 15 қараша-Ұлттық валюта күні, қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып жарияланды.
Кәсіби мереке қарсаңында басқарманың акт залында салтанатты түрде шара оздырылды. Жиында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері үшін еңбек ардагері, қазіргі таңда еңбек сіңірген зейнеткер Жангирова Ботакөз Бейібетқызы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Қаржы қызметінің үздігі" белгісімен, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Нәжмеденұлы Есқалиевтің алғыс хаттарымен бөлім басшысы Е.Мұхамеджанов, Н.Қайсағалиева, бас мамандар В.Исбулатова, А. Сағынғали марапатталды.