
2025 жылға облыстық бюджеттің шығыстар/түсімдер бойынша жылдық көлемі 484,8 млрд. теңге (2024 жылға – 439,8 млрд.теңге сомасында бекітілді) немесе бюджеттің 10,2% өсуімен бекітілді. Нақтыланған – 535,0 млрд.теңге. Түзетілген – 537,0 млрд.теңге
2025 жылға арналған кірістер бойынша облыстық бюджеттің жылдық көлемі 469,0 млрд. теңгеге нақтыланды, оның ішінде салықтық түсімдер бойынша - 130,6 млрд.теңге (2024 жылы салықтар - 121,6 млрд. теңге)
2026 жылдың 1 қаңтарға облыстық бюджеттің шығыстары 529,4 млрд. теңгеге немесе жоспарға 98,6% игерілді
2025 жылы республикалық бюджет алдындағы борыштық міндеттемелерді өтеудің бекітілген көлемі - 4,9 млрд.теңге. 2025 жылдың қорытындысы бойынша республикалық бюджетке 4,9 млрд. теңге өтелді
2026 жылдың 1 қаңтарына облыстық бюджеттің кірістері бойынша атқарылуы 472,8 млрд. теңге немесе түзетілген жоспарға 100,4% құрады
Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер түсімдерінің көлемі 327,8 млрд.теңгеге нақтыланды (2024 жылға – 308,0 млрд. теңге), соның ішінде субвенциялар – 266,9 млрд. теңге, ағымдағы нысаналы трансферттері – 16,9 млрд. теңге, нысаналы даму трансферттері – 44,0 млрд. теңге. 2025 жылы 260,8 млрд. теңгеге субвенциялар түсті, нысаналы трансферттер 69,1 млрд. теңгеге түсті
2025 жылғы қаңтар-желтоқсанда облыстық бюджетке нақты салық түсімі 130,2 млрд. теңгені құрады (2024 ж. қаңтар-желтоқсан -122,5 млрд. теңге)
Республикалық бюджеттен қарыздар түсімі 18,2 млрд. теңге сомасында бекітілді. 2025 жылы 13,5 млрд. теңге қаражат түсті (74,4%)
Ескертпе: Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстанда республикалық бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттерге жататын - облыстық бюджет, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері бекітіледі, атқарылады және дербес бюджеттер болып табылады. Облыс бюджеті өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, облыстық бюджетті, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджетін біріктіретін орталықтандырылған ақша қоры болып табылады.