
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Р.С.Ақмырзаевтың облыстық басқармалардың ұжымдарымен кездесулер кестесіне сәйкес ағымдағы жылдың 24 қыркүйегі күні «Antikor Оrtalygy» сервистік орталығында облыстық басқармалар басшыларымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы бейнесюжеттер көрсетіліп, аталған құқық бұзушылықтар үшін жазаны өтеу жағдайларының қатаңдануы, мемлекеттік қызметшілердің іссапар кезіндегі өзін-өзі ұстауы, мемлекеттік қызмет көрсетуде қызметтік әдеп нормаларын сақтауы, қоғам алдындағы жауапкершілігі туралы баяндалды.
Өз кезегінде, кездесуге қатысушылар мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қорғау бағытындағы бағдарламалардың жоқтығы, жалақының аздығынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының орын алып отырғандығын атап өтті.