Праймеризге қатысушылар арасында пікірталас өтті

Праймеризге қатысушылар арасында пікірталас өтті

«Nur Otan» партиясы ел тарихында алғаш рет партияішілік сайлауды праймериз ретінде, яғни жаңа форматта өткізгелі отыр. Бұл шешім қоғамның өзекті мәселелерін жан-жақты зерттеу, елдің дамуын талқылау үшін жасалуда.

Маңызды саяси науқанға орай Қаратөбе ауданында партияішілік праймеризге қатысушылар арасында дебат өтті. «Nur Otan» партиясының белсенділері қатысқан шарада «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Жанат Асантаев сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Партияішілік праймеризге Қаратөбе ауданынан 27 кандидат қатысып бақтарын сынауда.
Пікірсайысқа алғашқы болып қатысқан алты үміткер ереже бойынша бірінші бөлімде өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырса, келесі кезекте бір-біріне сұрақ қойып жауаптарын тыңдады.
Дебат кезінде бірінші болып сөйлеу жеребе суыру арқылы анықталды. Праймеризге қатысушылардың пікірсайысы әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирден де таратылды.
Партияішілік іріктеуге қатысушы қалған үміткерлердің пікірсайысы қыркүйектің 18-і, 22-сі, 24-і және 29-ы күндері өтетін болады.