ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету күн тәртібінде тұрған басты мәселелердің бірі. Осыған орай, аудан әкімдігімен бекітілген «Қаратөбе ауданында 2020 жылы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарына» сәйкес, алдын алу шаралары жүзеге асырылуда.
Жоспарға сәйкес аудандық білім бөлімімен 2019-2020 оқу жылдарында мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектеп оқушыларының сырт киімдеріне, сөмкелеріне жарық шағылдырғыш «флипперлер» қондырылса, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен 2020-2021 жылғы оқу жылы алдында мектеп жанындағы жаяу жүргінші жолағына арнайы жол белгілері – «оқушы макеті» орнатылып,тас жолдарда жылдамдықты шектен тыс асыруға жол бермеу мақсатында аудандық маңызы бар жолдарға «патрульдік полиция көлігінің макеті» және «ауыл шаруашылығы жануарларының» макеттері орнатылды.
ҚР «Жол жүрісі туралы» Заңына сәйкес қажеттілігіне орай, аудан орталығындағы Мұхит көшесі бойындағы тас жолға (автокөлікпен тоқтауға тыйым салатын) белгілер орнатылды.
Сонымен қатар, үй жануарларының (әсіресе, жылқы малының) бақылаусыз жол жиегінде жүруі жол-көлік оқиғалары себептерінің бірі болып табылады. Осыған орай, ауыл шаруашылығы жануарларының ықпалынан болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түнгілік уақытта және ауа райы әсерінен т.б. нашар көру жағдайларында көлік жүргізушілерінің назарын аударуға ықпал ететін жарық рефлекторы «флипперлерді» ауыл шаруашылығы жануарларына, әсіресе жылқы малына тағу бойынша ауылдық округ әкімдерімен шаруа қожалығы иелеріне, жеке тұрғындарға түсінік жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда, Жусандой ауылдық округінен «Сұтанбек» ш/қ 50 бас МІҚ және 10 жылқы малына, Қоскөл ауылдық округінен «Құмар» ш/қ 9 бас жылқы малына, Қаратөбе ауылының жеке тұрғындарының 31 бас МІҚ малына флиппер тағылған.
Осы ретте, аудан тұрғындары мен шаруа қожалығы иелерін жол көлік оқиғаларының алдын алуда ауыл шаруашылығы жануарларына флиппер тағуды ескерусіз қалдырмай, Өзінің және өзгенің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, аталған бағыттағы жұмыстарға белсенділік танытып, жол қауіпсіздігін сақтауға шақырамыз.