
Биылғы оқу жылы қашықтықтан оқыту формасында басталады.
⠀Аудан орталығындағы Мұхит ЖОББМ-де 1 сыныпқа 95 оқушы қабылданса, 11 кезекші сыныпта 142 оқушы оқиды. Оқушылар 100 пайыз компьютермен қамтамасыз етілді.
- Үш ай демалыстан кейін оқушыларымыз алтын ұя мектебіне қайта оралды, сүйікті ұстаздарымен қайта қауышты. Әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы тұрған бүлдіршіндер үшін үлкен әсерге, толғанысқа толы сәт.
Қазіргі уақыттағы қиын жағдайға қарамастан, сапалы білім беру ең басты мақсаттардың бірі болып қала береді. Бұл орайда мектеп, ата -ана, оқушы арасындағы тығыз байланыс маңызды рөл атқарады. Қашықтықтан оқыту жүйесін оңтайлы іске асыруда ата -аналарға да артылар жауапкершілік жоғары. Түсіністікпен қарап, бірге жұмыстануға бел буған ата-аналарға деген алғысымыз шексіз, - дейді мектеп директоры Гүлнұр Хайыржанқызы.
Білім ордасында 1 сыныпқа келген бүлдіршіндерді мектеп директоры Гүлнұр Хайыржанқызы жаңа қадамдарымен құттықтап Абайдың 175 жылдығына арналған төсбелгілерін табыс етті.