
Бүгін Қаратөбе ауданында 5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күніне орай мерекелік шара өтті.
"Тіл мерейі, ел мерейі" атты үлкен маңызға ие айтулы шарада аудан әкімі Жанат Асантаев пен аудандық тілдерді дамыту, мәдениет, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ғалымгерей Қайырғалиев құттықтау сөз сөйлеп, мерекеге орай тілдің мәртебесін нығайтуға өзіндік үлес қоскан бір топ тіл жанашырларын алғыс хаттармен марапаттады. Олардың қатарында әр салада ұзақ жылдар қызмет жасап келе жатырған қызметкерлер мен байқаулардан жеңімпаз атанған жас өнерпаздар бар.
Мерекелік шарада аудандык мәдени-демалыс орталығының әншілері, бірнеше байқаулардың жеңімпаздары Нұршат Исламғалиев пен Рүстем Акташев "Ананың тілі" әнін орындады.