
"Nur Otan" партиясы Қаратөбе аудандық филиалының төрағасы Жанат Асантаевтың қатысуымен ауданымыз бойынша Праймеризге қатысатын үміткерлердің басын біріктірген семинар-кеңес оздырылды.
Семинарда сөз алған "Nur Otan" партиясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов Праймеризге қатысушы кандидаттарды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу ережесімен таныстырды.
Семинар-кеңес соңында алдағы жария пікір-сайысқа қатысатын кандидаттар жеребе арқылы таңдалып, топтарға бөлінді. Жалпы ауданымыз бойынша Праймеризге қатысатын 27 кандидат тіркеліп отыр.