
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 95 % - ға артады
✍🏻 Қазақстанда мектепке дейінгі білім беру жүйесі қарқынды дамып келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес балабақшаларды іске қосу бойынша 2023-2027 жылдарға арналған қадамдық жоспары бекітілді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
🏫 2025 жылы кезекте тұрған 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды сапалы мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен қамтуды 95%-ға арттыру жоспарлануда. Осы мақсатта жаңадан 64 мың орын ашылады, жыл басынан бері 1,6 мың орындық 20 мектепке дейінгі ұйым қолданысқа берілді.
🔹 Мектепке дейінгі білім берумен қамтуды арттыру жұмыс жасап тұрған балабақшаларды салу, реконструкциялау, жаңғырту, шағын орталықтар санын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік тапсырысты ваучерлік қаржыландыру арқылы енгізу есебінен жүргізіледі.
🗣️ «Ваучерлік қаржыландыру жүйесі іске қосылған сәттен бастап ата-аналарға 99 мың ваучер берілді, бұл олар үшін балабақшаны өз бетінше таңдау мүмкіндігі. Мемлекеттік қаражаттың белгілі бір ұйымға емес, нақты балаға бағытталып жұмсалуы – қаржыландыру механизмін жариялы етеді. Пилоттық жобаға Тараз, Түркістан, Шымкент, Орал және Астана қалалары қатысуда. Өңірлердің дайындығына қарай бағдарлама кеңейтілетін болады», - дейді ҚР оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Манар Адамова.
❗️ Жалпы, 2027 жылға дейін кешенді жоспар шеңберінде мектепке дейінгі ұйымдарда жаңадан 300 мың орын қолданысқа беру жоспарлануда. Бүгінгі таңда Қазақстанда 11,6 мың балабақшаға 1 миллионға жуық бала барады.