Ханкөлде ауылдық клуб ашылды

Ханкөлде ауылдық клуб ашылды

Ханкөлде ауылдық клуб ашылды

Жусандыой ауылдық округіне қарасты Ханкөл ауылында күрделі жөндеуден кейін Ханкөл ауылдық клубs қайта ашылды. 1995 жылы іргетасы қаланған бұл клуб соңғы жылдары жөндеу жұмыстарының болмауынан апаттық жағдайда тұрған еді. Ауыл тұрғындары көптен бері көтеріп келген бұл мәселе шешімін тауып, клубтың ашылуы тек жастар үшін ғана емес, аға буын өкілдері үшін де көптен күткен қуаныш болды.

Аталған клуб Ханкөл ауылының көркін аша түсіп, ауыл өміріне жаңа серпін береді. Енді мұнда ауылдық көркемөнерпаздарға, жастардың бастамаларына қолдау көрсетіліп, мәдени шаралар ұйымдастырылмақ. Бұл мекеме тек мәдениет пен өнердің орталығы ғана емес, сонымен қатар біздің қоғамның рухани байлығын айқындайтын орын болмак.

Ғимараттың ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев ауыл халқын құттықтады.

– Соңғы уақытта Ханкөл елінде серпінді жұмыстар атқарылып, көптеген нысан ел игілігіне берілуде. Бұның бәрі ауыл халқының тұрақты және бірлікте болуы арқасында. Сондықтан сіздерді ең алдымен Алғыс айту мерекесімен құттықтаймын. Мерейлі мереке қарсаңында ауылда ауылдық клуб күрделі жөндеуден өтіп пайдалануға берілуде. Жаңа нысан ауылдағы мәдени шаралардың ұйытқысы болып, өнерлі жастардың өрісін кеңейтеріне сенеміз. Тұрғындар осында келіп түрлі іс-шараларды тамашалайтын болады. Аққозы ауылында судан зардап шеккен мәдениет үйіннің пайдаға асатын қажетті материалдарын бұзып әкеліп, ескі ғимаратты заманауи үлгіде қайта жабдықтаған ауыл әкіміне және ауыл тұрғындары Төремұрат, Тасболат, Данияр сынды ел азаматтарына алғысымды білдіремін. Сонымен қатар клубтың жөндеуіне демеушілік жасаған Асылбек Елешовке және «Ақжол» ШҚ жетекшісі Қосыбай Рахымғалиұлына айтар алғысым шексіз. Жаңа ауылдық клубтың ашылуымен тағы да сіздерді құттықтаймын. Ауыл өнерпаздарының еңбегі еселене берсін, - деді.

Сонымен қатар ауыл ақсақалы Беркін ата және Қаратөбе аудандық мәслихаты депутаты, кәсіпкер азамат Асылбек Елешовте сөз алып, ел игіліне беріліп жатырған клубтың ашылуымен құттықтады.

Клубтың ашылуында Орал қаласынан дәстүрлі әншілер Оразов Асхат, Фархат және Нұршат Исламғалиев арнайы келіп, ән шашуын арнап, Ғ.Құрманғалиев атындағы мәдени демалыс орталығы әншілерінің концерттік бағдарламасына ұласты.