
Қоржында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды
Бүгінде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру барысында көптеген жетістіктерге жетіп, денсаулық сақтау саласында оң өзгерістер жүзеге асып жатыр. Солардың бірі ауылдарда медициналық пункттердің салынуы.
Бүгін Қоржын ауылында жаңадан бой көтерген фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылу салтанаты өтті.
Жаңа медициналық пункттің ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов , Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Өтешов, аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев қатысты.
Қоржын ауылындағы медицианалық нысанның ашылу салтанатында сөз алған Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Тілепберген Ерсайұлы Қоржын ауылының тұрғындарын жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылуымен құттықтады.
Ауыл тұрғындарын жаңа медициналық нысанның ашылуымен құттықтаған зейнеткер дәрігер Сара Есенгелдина осындай керемет денсаулық сақтау нысанын салдырып, пайдалануға ықпал еткен облыс және аудан басшыларына ауыл тұрғындары атынан үлкен алғысын білдіріп, медицина саласының қызметкерлерінің жұқмысына сәттілік тіледі.
Ауылдағы медициналық пункттің құрылысын жүргізген «АИАС строй сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Асхат Сатқанов фельдшерлік-акушерлік пункттің фельдшері Гүлсім Төлепбергенге жаңа медициналық нысанның кілтін табыстады.
Медициналық пункттің лента қию рәсімін облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов пен зейнеткер дәрігер Сара Есенгелдина жүргізді.
Аудандық аурухананың бас дәрігері Ербол Меңдіғалиев салтанатты шараға келген қонақтарды жаңа нысанның жұмысымен таныстырды.