
Жаңа басшыны аудан активіне таныстырды
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан басшысы Қадыржан Сүйеуғалиевтің төрағалығымен актив жиналысы оздырылды.
Актив жиналысында аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жаңадан тағайындалған басшысы Анар Нұрмағанбетованы аудан активіне таныстырды
– Бүгін, ауданымызға жаңадан аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысының тағайындалуына байланысты жиналып отырмыз.
Ауданымызға Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жанабергенова, департамент басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев жұмыс сапарымен келіп, актив жиналысына қатысып отыр.
Құрметті Динара Олжабайқызы, Нұрлыбек Ермекұлы ауданымызға қош келдіңіздер.
Ауданымызда санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалған Анар Серікқызының жұмысына сәттілік тілеймін. Алдағы уақытта жаңа басшы Анар Серікқызымен аудан игілігі үшін бірлесіп қызмет атқарамыз деген ойдамын, - деді аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы.
Сөз кезегін алған Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жанабергенова ағымдағы жылдың ақпан айының 17-сі күні тағайындалған аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жаңа басшысы Анар Серікқызының алдағы қызметіне сәттілік тілеп, жаңа басшының лауазымын абыроймен атқаратындығына сенім білдірді.
Нұрмағанбетова Анар Серікқызы 1987 жылы 13 шілдеде Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданының Шөптікөл ауылында дүниеге келген.
1994-2003 жылдар аралығында Шөптікөл жалпы орта білім беретін мектебінде оқып, 2003-2005 жылдары Қаратөбе мектеп–гимназиясын тәмамдаған.
Мектепті бітіргеннен кейін С. Асфендьяров атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Медициналық - профилактикалық іс» факультетін аяқтап, дәрігер - эпидемиолог мамандығын алған.
2011-2020 жылдары Қаратөбе аудандық ауруханасында дәрігер-эпидемиолог болып қызмет жасаған. 2020 жылдың сәуір айынан Қаратөбе аудандық санитариялық–эпидемиологиялық бақылау басқармасында бөлім басшысы қызметін атқарды.
Ағымдағы жылдың ақпан айының 17-сінен бастап аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды. Отбасылы, 2 ұл, 2 қызы бар.