
Қаратөбе балалар жөспірімдер спорт мектебінде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай волейболдан ерлер арасында мекеме аралық турнирі өтті.
Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев сөз алып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарыс жолына 9команда шықты. Атап айтсақ, Қ.Жұмалиев атындағы мектеп гимназия, Мұхит мектебі, Шөптікөл мектебі, Спорт мектебі, Аққозы ЖОББ мектебі “Қаратөбе” спорт клубы, Жастар орталығы, аудандық аурухана, аудан әкімдігі командасы қатысты. Тартысты бәсекеде барлық құрама команданың ойыншылары бар шеберліктерін көрсетті. Қызу тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша, І орынды «Қаратөбе» спорт клубы, ІІ орынды Қ.Жұмалиев атындағы мектеп гимназия және ІІІ орынды Спорт мектебі құрама командаларының спортшылары иеленді.
Жеңімпаздар диплом, кубок, медальдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.