Әйгілі әншінің өнері дәріптелді

Әйгілі әншінің өнері дәріптелді

Әйгілі әншінің өнері дәріптелді

Атақты әнші-компазитор, Қазақстанның халық әртісі, Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы Ескендір Хасанғалиевтың 85 жылдығына орай әншінің туған жері Қаратөбе ауданының орталығы Қаратөбе ауылындағы орталық алаңда сап түзеген 1000 - ға жуық қаратөбеліктер бір мезетте «Атамекен» әнін орындады.

Алаңдағы ән орындаушылар алдында сөз алған аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев қаратөбеліктерді жерлес әнші Ескендір Хасанғалиевтың халықтың ыстық ықыласына бөленген «Атамекен» әнін шырқауға шақырды.

– Қадірлі өнер сүйер ағайын, Қаратөбе ауданы өнер майталмандары: үш жүзге ән оздырған Сал Мұхит, Ғарифолла Құрманғалиев, Ескендір Хасанғалиев дүниеге келген қасиетті мекен.

Бүгін Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қаратөбе ауданының құрметті азаматы, әнші-компазитор Ескендір Хасанғалиевтің 85 жылдығы, туған күні.

Біз қаратөбеліктер әрқашан да өнер майталмандарын мақтан тұтамыз. Бүгін ел мақтанышына айналған Ескендір ағаны сағынышпен еске алып, өнерін ұлықтап, асқақ рухын жадымызға сақтай отырып, аудан халқы болып бірге ән шырқаймыз, – деді аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы.

Алаң аспанында қаратөбеліктердің орындауындағы жерлес әнші Ескендір ағамыздың «Атамекен» әнінің әуені шарықтады.