«Ауыл аманаты»

«Ауыл аманаты»

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Ауыл аманаты» халық табысын арттыру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында құрылған жобалық кеңсенің отырысы өтті.
Жиынды жүргізген аудан әкімінің орынбасары Мұхтар Меркеұлы Қаратөбе Жусандой ауылдық округтерінің «Ауыл аманаты» жобасы бойынша несиеге және ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алуға ұсынылған үміткерлердің жобаларына талдау жасау мәселесін көтерді.
Жиында Қаратөбе және Жусандой ауылдық округінің әкімі алдағы жоспарларымен бөлісті.
Қаратөб ауылдық округінің ауыл тұрғыны Д. Рысбайұлы
«Қаратөбе 2025» ауыл шаруашылығы кооперативі құрған. Ағымдағы
Мүлікті бағалау және 12,0 млн теңге несие алуды жоспарлап отырмын. Алынған қаржыға 15 бас сауыншы сатып алынып, сүт өнімдерін өндіру жолға қойылуда. Сондай-ақ, бұл кооператив ауыл тұрғындарының малын күтіп баптауды, тұқым көшіруді, мал дайындауды, өз мүшелері арқылы құс өсіруді және 3,5 гектар жерге бақша өсіруді, ауыл тұрғындарына бір трактор, пресс, «Газель» автокөлігін жалға беруді мақсат етіп отыр. Жаңа 7 жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
Ал Жусандой ауылдық округінде 2024 жылы құрылған «Ибраһим-2022» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі Асылмұрат Рахымғалиев «Ауыл сенімі» жобасы бойынша 29,5 млн. КАМАЗ автокөлікке қажетті қаражатты теңгемен несиеге алып, автокөлікті қабылдау жұмыстарын жүргізеді. Ағымдағы жылдың ақпан айында 34,3 млн. теңге лизингке 2 трактор, шөп шабатын КУН, пресс ауылшаруашылық техникасын алуға толық құжаттары жинақталған «Ибраһим -2022» СПК Жусандой ауылдық округінің 30 ауыл тұрғындарының басын қосып, ауыл-аймақты абаттандыру, мал шаруашылығын ұйымдастыру, мал азығын дайындау жұмыстарымен айналысады.
Жобалау бюросының отырысында ауылдық округ әкімдері ұсынған жобалар талқыланып, тиісті шешім қабылданды.
Жиналысты аудан әкімінің орынбасары М.Шайжан Қаратөбе ауылдық округі «Қаратөбе – 2025» несиелік АСОК және Жусандой ауылдық округі СПК «Ибраһим – 2022» АСОК құжаттары қорытындылады.
Аудан әкімі аппаратында орналасқан мамандар арқылы жобалық құжаттар «Ақжайық» мемлекеттік су кәсіпорнына жалға беріліп, тиісті ауылдық округ әкімдеріне бұл жұмысты бақылауға алу тапсырылды.