
Президенттік көпсайыстан жүлдемен оралды
31 қаңтар – 3 ақпан күндері аралығында Қысқы президерттік көпсайыстан Батыс Қазақстан облысының чемпионатына Қаратөбе ауданының спортшылары қатысты.
Үш күнге созылған спорттық бәсекеде қаратөбелік спортшылар Шаңғы жарысы бойынша 18-20 жас қыздар арасында Алина Губашева жеңімпаз атанып, І орынды иеленді. Аталған шаңғы жарысында 21-23 жас ерлер арасында Нұртілеу Орынғалиев жүлделі ІІ орынға, Жұмабек Бақсыбаев ІІІ орынға тұрақтаса, 35-39 жас ерлер арасында Серікбай Аюпов жүлделі ІІ орынды иемденді.
Кермеге тартылу жарысында 21-23 жас ерлер арасында Жұмабек Бақсыбаев ІІІ орынды, 35-39 жас ерлер арасында Серікбай Аюпов жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды. Ал пневматикалық мылтық атудан 35-39 жас ерлер арасында Серікбай Аюпов ІІІ орыннан көрінді.
Жалпы үш күндік жарыс қорытындысы бойынша 18-20 жас қыздар арасында Алина Губашева жүлделі ІІІ орын, 21-23 жас ерлер арасында Нұртілеу Орынғалиев ІІ орынды иеленді. Аудан намысын қорғаған Жұмабек Бақсыбаев 21-23 жас ерлер арасында жүлделі ІІІ орынға, 35-39 жас ерлер арасында Серікбай Аюпов ІІІ орынға жайғасты.
Спортшыларды жарысқа апарған жетекші – Еркебұлан Габдуллин.