Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Дүниежүзілік сайлау күніне орай «Сайлау- демократияның бастауы» атты дөңгелек үстел өтті.

Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Дүниежүзілік сайлау күніне орай «Сайлау- демократияның бастауы» атты дөңгелек үстел өтті.

Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Дүниежүзілік сайлау күніне орай «Сайлау- демократияның бастауы» атты дөңгелек үстел өтті.

Жиынға Қаратөбе адандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бақытжан Жүсіпқали төрағалық етіп, сайлау күніне орай баяндама жасады.

2025 жылғы 6 ақпанда Дүниежүзілік сайлау күнінің 20 жылдығы атап өтіледі.

– Жалпы сайлау– азаматтардың конституциялық құқықтарын толыққанды іске асырудағы белсенділігін арттыруға, халықтың билікке деген сенімін депутаттың және әкімнің халық алдында есеп беруін күшейтуге, әкімнің халықтың қажеттіліктері мен проблемаларына ден қою жеделдігін арттыруға, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын толық көлемде іске асыруға мүмкіндік береді. Сөзімді қорытындылай келе баршаңызды алда өтетін сайлауларда белсенділік танытып, сайлаушылардың сайлау мен сайлануға құқықтарының бар екенін көздерін жеткізіп, сайлау мәдениетін арттыруға ат салысады деп сенемін, - аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы деді.

Дөңгелек үстел барысында отандық сайлау жүйесі туралы, аудан бойынша өткен сайлаулар мен сайлау комиссиялары туралы ақпараттар беріліп, қатысушылар сайлау процестерін ұйымдастыру бойынша ұсыныс-пікірлерін білдіріп, аудан көлемінде сайлау барысын байқауға аккредиттелген қоғамдық бірлестіктер, жастар ұйымдары саяси партиялармен байланысты нығайтып, бірлесе жұмыс жасау жолдарын жетілдіру жөніндегі шараларды талқылады.

Жиында атаулы күнге орай ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Н.Әбдіровтың алғыс хатымен Берікжан Ғарапшиев марапатталды. Ал атаулы күнге орай сайлау саласының ардагерлері Айбар Әбденов, Нұрлан Оразов, №287 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Мирбол Есендосов, №278 учаскелік сайлау комиссиясының орынбасары Қанат Бадақов, аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Балнұр Қойшыбаевға Батыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділ Жоламановтың атынан алғыс хат табысталды.

Сонымен қатар №272 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Еркебұлан Ғабдуллин, №277 учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы Жанаргүл Жылқышиева, №288 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Қуанышбай Сағдиев, Қаратөбе аумақтық сайлау комиссиясының төрағасының алғыс хатымен марапатталды.