
Саптық байқау өтті
2025 жылдың көктемгі су тасқыны кезеңінде ТЖ жоюға әрекет ету және авариялық құтқару жұмыстарын жүргізуге дайындық деңгейін тексеру мақсатында ағымдағы жылдың 3 ақпаны күні Қаратөбе ауылы аумағында аудандық шұғыл әрекет ету жасағының саптық байқауы өткізілді. Саптық байқауға аудандық шұғыл әрекет ету жасағы және арнайы техникалар қатыстырылды.
Жасақтың дайындық жұмысымен ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің бас маманы, азаматтық қорғау майоры Азат Ахметов, аудан әкімінің орынбасары Мұхтар Шайжанов, Қаратөбе ауданы горнизонының басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Мэлс Искаков танысты.
Тексеру барысында күштер мен құралдардың саны мен сапасына, инженерлік, су сору техникалары, қайықтар мен мотопомпалардың жағдайы жіті қадағаланды.