Көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық пысықталды

Көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық пысықталды

Көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық пысықталды

Бүгін аудандық мәслихаттың мәжіліс залында аудан әкімі, аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының төрағасы Қадыржан Сүйеуғалиевтің төрағалығымен аталмыш комиссияның отырысы өтті.

Отырысты бастаған комиссия төрағасы Қадыржан Орынбасарұлы көктемгі су тасқыны кезеңі тыңғылықты дайындықты қажет ететіндігін атап өтті.

Комиссия отырысының күн тәрбінде екі өзекті мәселе талқыланды.

Алдымен 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық туралы. Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі аудандық кіші жүйесінің күштері мен құралдарының көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайлар туындаған және қауіп төнген кездегі іс-қимылдарға дайындық туралы Қаратөбе ауданы горнизонының басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Мэлс Искаков хабарлама жасады.

– Қаңтар айынан бастап сенбі және жексенбі күндері рейдттер Қаратөбе ауданының ТЖБ-і және №18 ӨСБ-нің қызметкерлерімен аудан тұрғындарына су тасу қауіпін алдын-алуын, өз аулаларынан қар шығару жұмыстары т.б тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ шығуларға аудандық №18 ӨСБ-де рация «Иридиум» 6 дана, 1 дана АЦ КАМАЗ 2,5-40, 1 дана УАЗ (АСО) автокөлігі, 1 нива, жеке құрам 15 адам және 1 тасымалды 1 тіркемелі су сорғыш мотопомпалармен қамтамасыз етілді, - деді Мэлс Тілектесұлы.

Жиын барысында барлық ауылдық округ әкімдеріне:

- көктемгі су тасқыны және қардың күрт еруіне байланысты ақпан-наурыз айларына кезекшілік ұйымдастыру;

- барлық елді мекендерден қар шығару;

- жеке және шаруа қожалықтарымен бірлесіп техниканы жұмылдыру жөнінде келісім-шартқа отыру;

- жеке тұлғалардағы су сорғыш ассенизаторларын есепке алып, қауіп төнген жағдайда келісім-шартқа отыру арқылы шығару;

- тұрғындарға су тасқыны мәселелері бойынша жүгіну тәртібін түсіндіру, су тасқынына қарсы штабтар мен кезекші қызметтердің байланыс телефондарын жергілікті баспасөз басылымдарында жариялау;

- көктемгі еріген қар суының алдын алу мақсатында су өткізгіш құбырларды қардан, мұздан тазарту, еріген қар суы ағатын арналарды техникалармен ашу.

- Қаратөбе ауданының ТЖБ бірлесіп, аудандық мәдениет үйіндегі, Шөптікөл мектеп бөбекжайы балалар кешені ғимараттарындағы, Қоскөл ауылық округі әкімі аппаратымен Сулыкөл ауылдық округ әкімі аппаратының теңгеріміндегі орнатылған құлақтандыру жүйесін электр дабылдарын беру арқылы тексеру сынды тапсырмалар және бірқатар аудандық бөлімдерге тиісті ұсыныстар айтылды.

Комиссия отырысында Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Ермек Сайнов, Сулыкөл ауылдық округінің әкімі Бағдат Зайнуллин, Аққозы ауылдық округінің әкімі Асхат Тойшыбаевтар округтерінде көктемгі су тасқынына дайындық барысы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлары турасында баяндап берді.

Отырыста қаралған тағы бір мәселе төбелердің ұшуына байланысты төтенше жағдайларға жол бермеуге арналған кешекнді шараларды қабылдау туралы аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімінің басшысы Сәния Омарова хабарлама жасады.

Жиынды қорытындылаған аудан басшысы Қ.Сүйеуғалиев отырыста қаралған өзекті мәселелер бойынша ауылдық округ әкімдері мен аудан орталығындағы мекемелер, бөлімдер басшыларына тапсырымалар берді.