
Мұз айдыны ашылды
Қаратөбе ауылында мұз айдының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан қатысты.
Жыл сайынғы игі дәстүрге айналған мұз айдынының ашылуына аудан жастары мен Қаратөбе колледжінің студенттері қатысты.
Мұз айдынының ашылу салтанатын Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасары Жасұлан Кәрелұлы құттықтау сөзбен ашты.
– «Спорт – денсаулық кепілі» демекші келешек ұрпақтың денінің сау болуы қоғамдағы басты мәселенің бірі. Жастарымыздың уақытын тиімді өткізу мақсатында, таза ауада қысқы спорт түрлерімен айналысу үшін мұз айдыны ашылып отыр. Қысқы спорт түрлерін дамыту бағытында «Қаратөбе» спорт клубына 12 коньки сатып алынды. Алдағы уақытта түрлі іс-шаралар өтіп, жастарымыздың салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндіктер молая бермек.», - деді аудан әкімінің орынбасары Ж.Сұлтан.
Аталған спорттық шарада жастар және колледж студенттерінен құралған командалар арасында көңілді мәре ойындары өтіп, ойынға қатысушылар шеберліктерін таныта білді.
Ойындар арасында спортшы жастар ыстық шай ішіп жылынып, бауырсақтан дәм татты.
Көңілді мәре ойындарының қорытындысында Қаратөбе мектеп-гимназиясының командасы үздік деп танылып І орынды иемденді. ІІ орынды Шөптікөл мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің жастары иеленсе, ІІІ орынға колледж жастары тұрақтады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мәулен Салахаден арнайы дипломдармен марапаттады.