Зейнет жасымен құттықтады

Зейнет жасымен құттықтады

Зейнет жасымен құттықтады

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында ұзақ жылдар ауданның денсаулық сақтау саласында обыройлы қызмет еткен, аудандық СЭББ басшысы қызметін атқарған Мағия Аманжанованы зейнеткерлік демалысқа шығарып салуға арналған іс-шара оздырылды.

Айтулы жиында аудан басшысы Қадыржан Сүйеуғалиев Мағия Аманжановаға ауданның денсаулық сақтау саласына сіңірген еңбегі үшін ризашылығын білдіріп, «Қаратөбе ауданына сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттап, алғыс хат және сыйлық табыстады.

Ауданға арнайы іс-сапармен келген Батыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрсұлу Сариева Мағия Аманжанованы зейнет жасымен құттықтап, облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің және аталмыш департамент басшысының алғысхаты мен сыйлықтар табыс етті.

Сонымен қатар Мағия Аманжанованың әріптестері аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұжымы да өздерінің жылы лебіздерін арнап, сыйлықтар ұсынды.

Жиын барысында аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Меңдешов пен СЭББ қызметкері Алмагүл Бимұханова әріптестері атынан Мағия Аманжанованы зейнет жасымен құттықтады.

Өз кезегінде сөз алған Мағия Аманжанова облыс, аудан басшыларының, әріптестері мен.жиынға қатысушылардың құрметіне ризашылығын білдіріп, қызметтеріне сәттілік тіледі.