Дүниежүзілік сайлау күнімен құттықтау!,

Дүниежүзілік сайлау күнімен құттықтау!,

Дүниежүзілік сайлау күнімен құттықтау!

 

      Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ауданымыздың барлық азаматтарын, сайлау саласының ардагерлері мен әріптестерімізді  келе жатқан Дүниежүзілік сайлау күнімен құттықтайды!

     Еуропалық сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығының 2005 жылғы қыркүйек айында Будапешт қаласында өткен Бас конференциясында жыл сайын ақпан айының алғашқы бейсенбісі кәсіби мереке ретінде Дүниежүзілік сайлау күні болып белгіленген. Бұл шешім БҰҰ-мен қолдау тапқан. Дүниежүзілік сайлау күнінің белгіленуінің басты мақсаты – азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау процестерін жақсарту проблемасына көпшіліктің назарын аудару. Биыл Дүниежүзілік сайлау күні      6 ақпанға сәйкес келіп отыр.

      Сайлау саласын - дамыған азаматтық қоғамы бар, белсенді және білімді жастары бар, құқықтық зайырлы мемлекетіміздің  бөлінбес атрибуты ретінде қабылдай отырып, ауданымыздың сайлау органдары мен сайлаушыларына демократияның, заңның үстемдігі мен әділеттіліктің тұрақты құндылықтарын ұстануға тілектеспіз!

 

       Игі тілекпен:  Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы.