Футзалдан өткен ашық турнир

Футзалдан өткен ашық турнир

Футзалдан өткен ашық турнир

Қаңтар айының 14 күні Қаратөбеде футзалдан әр жылғы түлектер арасында жыл аралық аудандық ашық турнир өтті.

Жарыстың ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан жарысқа қатысушы аяқдопшыларға сәттілік тілесе, бас төреші Шоқан Аманжанов жарыстың ережесімен таныстырды.

Жоғары деңгейде өткен жарысқа барлығы 12 команда қатысты. Барлық командалар 4 топқа бөлініп, өз тобынан үздік шыққан команда жартылай финалға жолдама алды.

Жарыс қорытындысында 2013 жылғы түлектер жеңіс тұғырынан көрінді. Шебер ойын өрнегін көрсеткен 2018 жылғы түлектер ІІ орынды иемденді. ІІІ орынға 33 жастан жоғары ойыншылар командасы тұрақтады. Аталған жарыста «Жеңіске деген жігері үшін» аталымымен 2019 жылғы түлектер марапатталды.

Аяқдопшылар жарысында «Үздік қақпашы» аталымымен Асхат Мерғалиев, «Үздік қорғаушы» аталымымен Мербол Серіков, «Үздік шабуылшы» аталымымен Наурызбек Қуандықов, «Үздік ойыншы» аталымымен Мағжан Серіков марапатталды.

Аудандық ашық турнирге қатысушы жеңімпаз және жүлдегер командалар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.