Терроризмге қарсы комиссия

Терроризмге қарсы комиссия

Аудандық терроризмге қарсы комиссияның жанындағы жұмыс тобының кезекті отырысы 2025 жылғы 21 қаңтар күні аудан әкімінің орынбасары Ж.Сұлтанның төрағалығымен өткізілді. Күн тәртібінде Кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған жол картасының орындалу барысы туралы атқарған жұмыстары туралы мәселелер қаралды. Жиын барысында Е.Рабаева және Н.Сафуллиндер атқарылған жұмыстар жөнінде хабарлама жасады. Жиын соңында Ж.Сұлтан мекемелерге  тиісті тапсырмалар беріп хаттамаға енгізуді тапсырды.