
Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы 2025 жылғы 21 қаңтар күні өткізілді. Күн тәртібінде «Балаларлы зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды жүзеге асыру жөніндегі өңірлік жол картасы аясындағы іс шаралар жоспарының орындалуы туралы» Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Е.Рабаева, Кәмелетке толмағандардың панасыз, қараусыз қалуының алдын-алу, өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды анықтау, қолайсыз отбасылардың жағдайы туралы Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Е.Сайнов, Жусандой ауылдық округінің әкімі Б.Бақытжанов хабарлама жасады. Күн тәртібіндег мәселелер бойынша комиссия мүшелері тарапынан сауалдар қойылып, талқыланды. Жиын соңында комиссия төрағасы мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар берді.