
Көшпелі комиссия отырысы
Бүгін аудан әкімдігінде «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының Қаратөбе ауданындағы көшпелі отырысы өтті.
Жиынға «AMANAT» партиясы облыстық филиалының партиялық бақылау инспекторы Нұрхат Жанбоз қатысты.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен адам құқығын қорғау бағытындағы жұмыстар туралы Қаратөбе ауданы прокуратурасының аға прокуроры Исламбек Нұрғалиев баяндап берсе, жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, алкоголь өнімдерін сату бойынша жағдай, қоғамдық қауіпсіздік туралы аудандық полиция бөлімінің бастығы Алмаз Елбаев хабарлама жасады.
Комиссияның көшпелі отырысында жастардың Отан алдындағы борышын өтеу мәселесі және әскери патриоттық тәрбиені насихаттау жөнінде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Қуат Мателиев баяндады. Қысқы мезгілде өрт қауіпсіздігі, алдын алу іс-шаралары туралы аудандық ТЖБ-нің маманы Қуанышбек Қабекенов айтып өтсе, аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комисситясының 2024 жылғы атқарған жұмыстары туралы комиссия хатшысы Асыланбек Бисембай баяндады.