Партияның актив жиналысы

Партияның актив жиналысы

Партияның актив жиналысы

Желтоқсанның 23-і күні аудандық мәслихаттың мәжіліс залында «АMANAT» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының актив жиналысы оздырылды.

Актив жиналысына «АMANAT» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев, аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Жасұлан Сұлтан қатысты.

Актив жиналысында сөз алған «АMANAT» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиұлы партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша облыста атқарылған жұмыстарға тоқталып, аудан басшылығы мен партияның аудандық филиалының және Қаратөбе ауданы халқының су тасқынына байланысты атқарған жұмыстарына ризашылығын білдірді.

Актив жиналысында аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сұлтан Жасұлан 2023-2027 жылдарға арналған «АMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының Қаратөбе ауданы бойынша орындалуы туралы, партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы Абат Зейнуллин аудандық филиалдың партия бағдарламасы аясында атқарған жұмыстарын баяндады.

Аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Қанат Мұхановтың, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұрбол Бозовтың салалары бойынша партия бағдарламаларына сай атқарған жұмыстары тыңдалды.

Партия бағдарламасы аясында атқарған қызметтері үшін Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің төрағасы, Республикалық штаб басшысы Ерлан Қошановтың алғысхатымен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рамазан Қыдырашев, партия ардагері Еркінбек Жәнібеков, «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен аудандық мәдени-демалыс орталығының қызметкері Гүлсара Шүңірекова марапатталды.

Марапаттау рәсімін «АMANAT» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиұлы жүргізді.