Еңбегі елеулі зейнеткер

Еңбегі елеулі зейнеткер

Еңбегі елеулі зейнеткер

Желтоқсан иайының 10-ы күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан басшысы Қадыржан Сүйеуғалиев «Қаратөбе аудандық ветеринариялық станциясы» Қаратөбе ауылдық округінің аға мал дәрігері Мергенғали Қуановты зейнеткерлік 63 жасымен құттықтап, алғыс хат табыстады.

Аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы: «Сіз ауданның ветеринария саласына зор еңбек сіңірдіңіз. Ұзақ жылдар бойы жинаған мол тәжірибеңіз саладағы жас буын мамандарға үлгі.

Қиын да жауапты жұмысты абыроймен атқарып, әріптестеріңіздің арасында үлкен беделге ие болдыңыз.

Бейнеттің зейнетін көріп, отбасыңызбен баянды ұзақ өмір сүруіңізге тілекшімін» - деді.

Сонымен қатар Мергенғали Кәкімұлы Батыс Қазақстан облысы ветернария басқармасының басшысы Абзал Бралиевтің алғыс хаты мен басқарма жанындағы «Батыс Қазақстан облысының мал дәрігерлері» қоғамдық бірлестігінің «Батыс Қазақстан облысының ветеринария саласындағы үздік қызметі үшін» - төсбелгісімен марапатталды.

Әріптестері атынан сөз алған аудандық ветеринариялық станциясының басшысы Азамат Есенаманов пен басшының орынбасары Ерлан Бердіғалиев Мергенғали Қуановты зейнеткерлік жасымен құттықтап, оның еңбек жолдарын мақтанышпен айтты.

Өз кезегінде сөз алған М.Кәкімұлы, еңбегін елеп, марапаттар табыстап, жылы лебіздерімен құрмет көрсетіп жатырған аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлына, аудандық ветеринариялық станциясының басшысы Азамат Темірұлына және бірге қызмет жасаған барша әріптестеріне ризашылығын білдірді.

Мергенғали Қуанов 1969-1979 жылдары аралығында Шөптікөл орта мектебінде оқып, білім алған. 1979 жылы Шөптікөлдегі СПТУ-166 курсын бітірген. 1980-1982 жылдары әскер қатарында болған. 1985 жылы Орал-совхоз техникумынан вет.фельдшер мамандығын алып, еңбек жолын Қаратөбе аудандық Қаракөл қой совхозында вет.техник болып бастап 1994 жылдың маусым айына дейін қызмет атқарған. 1994-1997 жылдары аралығында Шөптікөл ұжымында жұмысшы, 1997-2002 жылдары Орал қаласы ГКП «Спец.База» мекемесінде тасқалаушы, сылаушы, 2005-2012 жылдары «Ветеринар» ЖШС-де мал дәрігері қызметін атқарған.

2012 жылдың 9-сәуірінен «Қаратөбе аудандық ветеринариялық станциясы» МКК Қаратөбе ауылдық округінде аға мал дәрігері қызметін атқарып келеді.