
Қаратөбе чемпион!
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай Қаратөбе ауданы әкімінің кубогі үшін ерлер арасында волейболдан өткен жарыс аяқталып, жеңімпаздар анықталды.
Сегіз команда тартысты ойын көрсеткен шұбар доп додасының финалдық ойында Қаратөбе ауылдық округі командасы мен Қаракөл ауылдық округінің командасы үздік ойын өрнегін көрсетті.
Намысты қолдан бермеген қаратөбеліктер чемпион атанып, аудан əкімінің кубогіне ие болды. Ал, Қаракөл ауылдық округінің командасы жүлделі ІІ орынды иеленсе, былтырғы жылғы кубок иелері Аққозы ауылдық округінің командасына жүлделі ІІІ орын бұйырды.
Жарыс жеңімпаздарына мадақтамалар, кубок, медаль, естелік сыйлықтар мен сыйақылар табысталды.