
Футзалдан мекеме аралық жарыс
Қаратөбеде 9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай футзалдан мекемеаралық жарыс өтті.
Сайысқа аудандық мекеме қызметкерлерінен 8 команда қатысып, өзара бақ сынады.
Олар – Аудан әкімдігі, Қ.Жұмалиев атындағы мектеп гимназия, Аудандық аурухана, «Қаратөбе» спорт клубы, Мәдениет үйі, Мұхит мектебі, Шөптікөл мектебі және Спорт мектебі командалары.
Жарыс қызметкерлер арасында спортты одан әрі дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтыру дайындығын жоғары деңгейде ұстау және қызметкерлердің спорттық дәрежесін көтеру мақсатында оздырылды.
Жарыс ашылу салтанатына аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Мәулен Салахаден қатысып, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.
Сегіз команда арасындағы тартысты ойын жанкүйерлерге керемет көңіл күй сыйлады.
Ойынға қатысушылары барлығы жоғары деңгейде белсенділік танытып, жеңіске жету жолында бар күш-жігерін салды.
Командалар арасында ең мықтылары іріктеліп, жүлделі ақтық сайысқа жеткен Спорт мектебі мен «Қаратөбе» спорт клубы командасы өте тамаша ойын көрсетіп, «Спорт мектебі» командасы жеңіске жетті. Екінші орынды «Қаратөбе» спорт клубы алса, үшінші орынды аудандық аурухана командасы иеленді.
Ойын барысында жақсы ойын өрнегін көрсетіп, көрермендер көңілінен шыға білген Шөптікөл мектебі командасы «Жеңіске деген жігері үшін» аталымын иеленді. Командалар бойынша ойындар барысында шеберлік таныта білген аудандық аурухана командасының ойыншысы Манас Есенқұлов – «Үздік қорғаушы, «Қаратөбе» спорт клубы ойыншысы Ермахан Киікбаев – «Үздік қақпашы», Шөптікөл мектебі командасы ойыншысы Асланбек Жұбанғалиев – «Үздік шабуылшы» аталымдарымен марапатталды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.