
Ауылдық округ бюджеттері бекітілді
9 желтоқсан күні VIІІ шақырылымдағы Қаратөбе аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХІ сессиясы өтті.
Аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Меңдешов төрағалық еткен кезектен тыс сессия отырысына аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан, ауылдлық округ әкімдері, дербес бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Сессия отырысында Қаратөбе аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы «2024-2026 жылдарға арналған Қаратөбе ауданының Сулыкөл, Аққозы, Жусандыой, Қаракөл, Егіндікөл, Қоскөл ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы алты мәселе бойынша аталған ауылдық округ әкімдері хабарлама жасады.
Сессиядағы жетінші мәселе «Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» аудан әкімі аппаратының басшысы Дат Жәнібеков хабарлама жасап, аудандық мәслихат депутаттарына бекітуге ұсынды.
Күн тәртібіндегі соңғы мәселе «Учаскелік сайлау комиссиялары туралы» аудандық мәслихат аппаратының бас маманы Гүлжанат Идаятова хабарлама жасады.
Сессияда көтерілген барлық мәселелер бойынша аудандық мәслихат депутаттары мақұлдап дауыс беріп, бірауыздан бекітті.