
Комиссия отырысы
Қаратөбе аудандық мәслихат залында аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясы отырысы өтті.
Жиынға төрағалық еткен аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев күн тәртібіне бірнеше мәселе қойды.
Күн тәрбіндегі мәселе бойынша Қаратөбе ауданының ТЖБ-нің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі М.Искаков сөз алып, аудандағы құлақтандыру жүйесінің жай-күйі баяндады.
– Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 2024 жылғы 21–22 қараша аралығында Қаратөбе ауданында «Қыс – 2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Жаттығу кезінде аудандық мәдениет үйіндегі, Шөптікөл мектеп бөбекжайы балалар кешені ғимараттарындағы, Қоскөл және Сулыкөл ауылдық округ әкімі аппаратарының теңгеріміндегі орнатылған құлақтандыру жүйесін электр дабылдарын беру арқылы тексерілді.
Тексеріс кезінде құлақтандыру жүйесі жарамды екендігі анықталып акт жасалып, видеотүсірілімдерін БҚО ТЖД-не жолданды. Сонымен қатар аудандық ПБ және №18 ӨСБ-нің теңгеріміндегі арнайы автокөліктердің сиреналық-сөйлеу құрылғыларын (дауыс зорайтқыштарды) қысқа мерзімге қосу арқылы тексерілді.
Сонымен қатар Қаратөбе ауданы аумағында сиреналық сөйлеу құрылғысы БАО-600 маркалы құралдары жоқ Қаратөбе және Аққозы ауылдық округтеріне орнату бойынша аудандық төтенше жағдайлар алдын алу және жою комиссия отырысының хаттамасына енгізуіңізді сұраймын, - деді.
Екінші мәселе бойынша сөз алған аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөнінде бас инспекторы Нұржан Сахипов комиссиясының 2024 жылғы жұмысының қорытындысы және комиссиясының 2025 жылға арналған жұмысын бекіту жөнінде хабарлама жасады.
Жиын соңында аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы жиында көтерілген мәселелер және атқарылмаған жұмыстар бойынша тиісті бөлім басшылары тапсырма берді.