Қаратөбеде волейболдан ашық турнир өтуде

Қаратөбеде волейболдан ашық турнир өтуде

Қаратөбеде волейболдан ашық турнир өтуде

Қазақстан Респуликасының мәслихаттарының 30 жыл толуына орай мекеме қызметкерлері арасында волейболдан аудандық ашық турнир өтуде.

Шараның ашылу салтанатына аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев қатысты.

– Құрметті турнирге қатысушылар, қонақтар Сіздерді Қазақстан Респуликасының мәслихаттарының 30 жылдығымен құттықтаймын!

Турнирге келген барлық спортшыларға сәттілік тілеймін. Спортшыларымыз үлкен додалардан жеңіспен оралып, мерейіміз арта берсін, – деді аудан басшысы.

Одан соң сөз алған аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Меңдешев халық қалаулыларын және сала ардагерлерін мерекемен құттықтап, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

Аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтіп жатырған турнирге аудан мекемелерінен 9 команда шығып, жарыс көркін қыздыруда.