Ғ.Құрманғалиев атындағы аудандық мәдениет үйінде ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні аталып өтілді

Ғ.Құрманғалиев атындағы аудандық мәдениет үйінде ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні аталып өтілді

Ғ.Құрманғалиев атындағы аудандық мәдениет үйінде ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні аталып өтілді. Салтанатты жиында еңбегімен ерекшеленген маңдайалды мамандар түрлі дәрежедегі марапатқа ие болды.

Мерекелік жиында аудан басшысы Қ.Сүйеуғалиев сөз алып, дүйім жұртты ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күнімен құттықтап, өзінің алғысын білдірді.

Кездесуде ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының «Елеулі еңбегі» медальмен, облыс әкімінің орынбасары Қ.Меңдіғалиевтің алғыс хатымен, БҚО ауыл шарушылық басқармасының басшысы Жаслан Халиуллиннің алғыс хатымен, БҚО ветеринария басқармасының басшысы Абзал Бралиевтің алғыс хатымен, аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиевтің алғыс хатымен қожалық жетекшілері, мал дәрігерлері, механизаторлар, шопан және сала ардагерлері марапатталды.

Мерекелік шарада аудандық мәдениет үйінің әншілері концерттік бағдарлама ұсынды.