
Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобы Қаратөбе ауданы тұрғындарымен кездесті.
Кездесу халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу мақсатында оздырылды.
Шарада Ақтөбе облысы, Алға аудандық дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының психолог маманы Нұрмұхаммет Разақов колледж студентері, мектеп оқушылары, мешіт жамағаты және спортшылармен кездесті.
Кездесуде Нұрмұхаммет Шәмшіұлы Қазақстандағы діни ағымдардың әрекет ету мен басты ұстанымдары, дін мен дәстүр сабақтастығы, салт дәстүрдің діндегі маңызы, ата-ананы қадірлеу, ұялы телефоннан келетін қауіп кетерлер тақырыбында әңгіме өрбітті.