
Кәсіпкерлер арасындағы бильярд ойыны
15 қараша – Ұлттық теңге күні мерекесіне орай Қаратөбеде дара кәсіпкерлер арасында бильярд ойынынан аудандық жарыс өтті.
Қаратөбе ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қолдауымен, «Қаратөбе» спорт клубының ұйымдастыруымен өткен спорттық сайыста кәсіпкерлер өзара бақ сынасты.
Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев пен Қаратөбе ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Асхат Абденов құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы аудан кәсіпкерлеріне сәттілік тіледі.
Ойынға қатысушы спортшыларды ойын тәртібімен жарыс төрешісі Ермахан Киікбаев таныстырды.
Бильярдтан шебер ойын өрнегін көрсеткен Тоқтар Омаров жарыс жеңімпазы атанды. ІІ орынды Думан Дошымов иеленсе, ІІІ орын Мейрамбек Далабаевқа бұйырды. «Жеңіске деген жігері үшін» аталымымен Сулыкөл ауылынан келген Райымбек Орынғалиевке бұйырды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдар және сыйлықтармен марапатталды.