
Қаратөбелік жастармен кездесу барысында «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының Батыс Қазақстан бойынша өкілі Светлана Дүйсенбаева отбасы құндылықтары турасында, Алишер Гумаров видеография саласы бойынша, «Batys Oil» тренинг орталының нұсқаушысы Светлана Тенишева «Алғашқы көмек көрсету дағдыларын оқыту» тақырыбында, жоба жетекшісі Айболат Құрымбаев "Волонтерлық қызмет" тақырыбында жастарға тренинг өткізді.
«Жастар керуені» жобасының арқасында жастардың жұмыссыздық деңгейі жылдан-жылға төмендеп, бизнес түрлерін ашқан жастар көбейіп келеді. Ресми статистика да осыны растап отыр. Мемлекеттің жастарға деген қолдауының нәтижесінде оң өзгерістер байқалуда.
Қаратөбедегі кездесу концерттік бағдарламамен аяқталып, жастарға жағымды әсер сыйлады. Жастардың өзекті мәселелері мен пікірлері әр түрлі болғанымен, жобаның мақсаты – оларға қолдау көрсету және болашаққа сенімділікпен қарауға бағыттау.