Қ.Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясында «Жастар керуені» аудан жастарымен кездесті

Қ.Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясында «Жастар керуені» аудан жастарымен кездесті

Қ.Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясында аудан жастарымен кездескен «Жастар керуені» жобасының жетекшісі, «Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры» жеке қорының атқарушы директоры, тарих ғылымдарының магистрі Айболат Құрымбаев пен БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сәрсенбаев аталған жобаның мақсаты мен мән-маңызына тоқталып өтті.

Жүздесу барысында Қаратөбе ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Қуат Мателиев, Құрманғазы атындағы саз колледжінің оқытушысы, «Әлеуметтік мәдени қызмет халықтық көркемдік шығармашылығы, Кітапхана ісі» ПЦК төрайымы Гүлдәурен Тоқтарова, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Мәулен Қожахметовтар жастарды ұлттық рухта тәрбиелеу, жастарды қазігі сұранысқа ие мамандықтарға баулу, іскерлік дағдыларын шыңдау мақсатында ой-пікірлерімен бөлісті.

Жалынды жастармен кездесу барысында мемлекеттік бағдарламалар, ұлттық құндылықтар, кәсіпкерлік, отбасы тәрбиесі тақырыптарында ақпарат берілді.