
«Жастар керуені» жобасы – Қаратөбеде
Биыл Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры» жеке қорының ұйымдастыруымен жүзеге асырылып жатқан «Жастар керуені» облыс аудандарын аралауда.
Қараша айының 11-і күні Қаратөбе ауданына кіреберістен «Жастар керуені» ақпараттық-түсіндірме тобын аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұртас Сафуллин бастаған топ қазақы дәстүрмен қарсылады. Келген меймандарға ақ дәм ұсынылып, құрмет көрсетілді.