
«IQanat» олимпиадасының І кезеңі
«Қажым Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясында» қараша айының 1-і күні «IQanat» олимпиадасының І кезеңінің ашылу салтанаты оздырылды.
«IQanat» қоры 2018 жылдан өз жұмысын жүргізіп келеді. Бұл жобаның мақсаты: орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында дарынды оқушыларды анықтау, оларды одан әрі зияткерлік дамыту және кәсіптік бағдарлау үшін оңтайлы жағдай жасау, тұлғаның өзін дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ оларды болашақ академиялық және кәсіби сынақтарға дайындау.
Аталмыш іс-шараның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Сұлтан Жасұлан, «IQanat» білім беру қорының Батыс Қазақстан облысы бойынша координаторы Зәмзагүл Тасмағамбетова қатысты.
«IQanat» олимпиадасының І кезеңінің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан атаулы олимпиадының ашылуымен құттықтап, олимпиадаға қатысушы мектеп оқушыларына сәттілік тіледі.
– Құрметті – ұстаздар мен оқушылар сіздерді «IQanat» олимпиадасының бірінші кезеңінің ашылуымен құттықтаймын.
Жаңа бейнероликтен көрдіңіздер. Бұл үлкен мүмкіндік. Оқушыларымыздың атаулы олимпиадаға қатысуларына мүмкіндік алып, ниеттеніп отырғандарына қуаныштымын. Бұл жердегі бір ерекшелік бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінде. Осындай терең білім беру бағытындағы игі істерге инвестиция құйып отырған кәсіпкерлеріміз бар. Солардың бірі ауылдан шыққан кәсіпкер Динар Хамиев ағаларың.
Динар Болатұлы Ақсай қаласында үлкен компания ашып, Итальяндық фирмада бірлесе жұмыс жүргізіп жатыр. Осындай мүмкіндіктерді пайдаланып, жан-жақты білім алып, Динар ағаларың сияқты үлкен жетістіктерге жетуге ұмтылуларыңыз керек. Ол үшін терең білім қажет. Баршаңызға сәтілік болсын, – деді Жасұлан Карелұлы.
Салтанатты жиын барысында «IQanat» білім беру қорының Батыс Қазақстан облысы бойынша координаторы Зәмзагүл Тасмағамбетова: - «IQanat» қоры 2018 жылдан жұмыс жасап келеді. Ол ауыл балаларына үлкен мүмкіндік беретін арнайы жоба.
Қазақстанның түпкір-түпкірінен ауыл мектептерінің 8 сынып оқушылары үш кезеңде тесттен өтіп, «IQanat» мектебіне жолдама, грант ұтып алады. Бұл–Қазақстанның үлкен-үлкен жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік беретін жоба. Жыл сайын 50 мыңнан астам оқушы І кезеңге, ІІ облыстық кезеңге 10 мыңнан астам және шешуші ІІІ республикалық кезеңге 1000-нан астам оқушы іріктеліп алынады. Біздің облысымызға белгіленген қамқоршыларымыз оқушыларымызға грант бөліп отырады. Сонымен қатар оқушылар грант ұтып алмаса да оларды тастамайды. Үш жыл бойына 11 сыныпты бітіргенше қамқоршы болады. Түрлі курстар тегін өткізіледі. «IQanat» мектебінде жан-жақты жағдай мен оқушылардың терең білім алуына толық мүмкіндік жасалған, – дейді.
Салтанатты іс-шара барысында мектеп сахнасында мектеп оқушыларының орындауындағы «Қазақ биі», Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйі, Ерасыл Қуандықтың орындауындағы «Алатау», Аңсағаным Жаңбыршының орындауындағы «Қазақстан» әндері тамашаланды.