
«Қобда – құтты мекенім»
Дәл осындай атаумен Ғ.Құрманғалиев атындағы аудандық мәдени демалыс орталығында Қобда ауданының 95 жылдығына арналған Қобда аудандық мәдениет үйі көркем өнерпаздарының көшпелі концертті өтті.
Алдымен «Арқау» драма үйірмесі тарих шеңберінде атағы шартарапқа жайылған, Қазақтын хас батыры, Қобда жерінің айбарлы ұраны болған Қарақыпшақтан шыққан Қобыланды батырдың Қызылбастың еліне сапары көрінісін сахналады.
Қобыланды, Әлия, Алтай батыр, Абат Байтақ, Сапура апамыз сынды батыр бабаларымыздың өнегелі жолын, өнерімен насихаттап, ұлылығын ұлықтаған ұрпақ қасиетті Қаратөбе жұртына ән-жырын арнады.
Кеште аудандық мәдениет үйі көркем өнерпаздары әсем сазды ән шырқап, күмбірлете күй төгіп, қаратөбелік көрерменнің қошеметіне бөленді.
Кеш соңында аудан әкімінің орынбасары Ж.Сұлтан аудан әкімі атынан елге келген өнер иелеріне шынайы алғысын жеткізіп, естелік сыйлық табыстады