Бесобада жаңа медпункт

Бесобада жаңа медпункт

Бесобада жаңа медпункт

Халқымыз байырғы заманнан жан мен тәннің саулығын басты орынға қойған. Сол себепті «бірінші байлық - денсаулық» деген. Халықтың денсаулығы – еліміздің белсенді дамуына, экономикасына, әсіресе әлеуметтік жағдайының жақсаруына ықпал ететіні сөзсіз.Сондықтанда, мемлекет денсаулық сақтау саласына әрдайым ерекше көңіл бөліп келеді.

Елімізде сапалы қызмет көрсететін емханалар мен ауруханалар бой көтеруде. Осы орайда Аққозы ауылдық округіне қарасты Бесоба ауылында су жаңа медициналық пункт ашылып, халық игілігіне берілді.

Айта кетейік, жалпы ауданы – 90 шаршы метр болатын ғимарат, ауырып ем іздеген ауыл тұрғындарын қабылдап, ем-шара көрсетуге толық қаухарлы.

Медициналық пункттің салтанатты ашылуына қатысқан аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев сөз алып, жаңа медициналық пункт ашылуымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Жаңадан бой көтерген ғимараттың құрылысын жүргізген бас мердігер «Баталасу» ЖШС сату жөніндегі бөлім жетекшісі Дмитрий Ашуев медпункттің кілтін Бесоба медпунтктінің меңгерушісі Лариса Хасеноваға табыстады.

Су жаңа ғимараттың лентасын аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев пен ауыл тұрғыны Райхан Оспанова қиды.